«Президент сайлауын өткізу - тұрақтылықтың
талабы». Бұл Қызылжардағы ірі
кәсіпорын жетекшісінің пікірі. Оның айтуынша, Елбасының көреген саясатының
арқасында бірқатар әлемдік деңгейдегі мәселелер шешімін тапты.
Он жылдан астам
уақыттан бері ұн шығарумен айналысып келе жатқан кәсіпорын, тек Қазақстан
нарығын қамтып қана қоймай, өнімінің негізгі бөлігін экспортқа шығарады. Оның
ішінде Өзбекстан, Әзербайжан, Ауғанстан, Тәжікстан сынды елдер бар. Мемлекет
бөліп отырған демеу қаржының арқасында жыл сайын техниканы жаңартып, қосымша
қоймалар салуға да мүмкіндік туды. «Бұл - экономиканың
тұрақты дамуының айғағы, ұлт көшбасшысы жүргізіп отырған сындарлы саясаттың жемісі»,- деді кәсіпорын жетекшісі.
Зеки Танрикулу, ұн шығарушы компания директорының
орынбасары:
Қазір Қазақстанды дамыған мемлекеттердің қатарына жатқызуға болады. Бұл -
Елбасымыздың арқасы. Егер де президент сайлауын биыл
өткізсек, әлемдік дағдарыстың салқыны елімізге аса қатты тимейді деген ойдамын.
Сайлау бізге ауадай қажет.
Абзал ҚҰРМАНКИН