$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Британдық үш оқушының жоғалып кеткені кеш хабарланған

AstanaTV
25.02.2015ж. 10:00
1327
Британдық үш оқушының жоғалып кеткені кеш хабарланған

Үш британдық оқушының жоғалып кетуін кеш хабарлағаны үшін Түркия билігі, Лондонды сынға алды деп жазады Рейтерс. Алдын ала болжамға сәйкес, жеткіншектер Сирияға «Ислам мемлекеті» террористік тобына қосылу мақсатында аттанған.

Бірақ, олардың үлкенінің жасы 16-да ғана. Соңғы рет оқушыларды, бір апта бұрын Түркияға бағыт алған ұшаққа отырғанын көргендер бар. Полицейлердің пайымдауынша, сол жақтан олар Сирия мемлекетіне аттанған.
Бюлент Арынч: «оқушылар табылмаған жағдайда, бұған тек Ұлыбритания кінәлі болмақ». Түркияның вице-премьері Бюлент Арынчтың айтуынша, жоғалып кеткен жеткіншектер туралы ақпарат Лондоннан тек үш күннен соң түскен. Саясаткер оқушылардың табылатынына сенімді. Табылмаған жағдайда, бұған тек Ұлыбритания кінәлі болмақ.

Агенттік таратқан ақпаратқа сай, британдық жастардың радикалдық топқа қосылуы бірінші рет емес. Корольдіктің 600-ге жуық азаматы
«Ислам мемлекеті» құрамында соғысып жүр. Соңғы уақытта ланкестердің санатында жастар көп.

Олардың дені Британияға көшіп келген келімсектердің балалары көрінеді.

А. МҰХИТОВА