$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Астана қаласында бірнеше көше атаулары өзгертіледі

AstanaTV
25.02.2015ж. 10:00
1508
Астана қаласында бірнеше көше атаулары өзгертіледі

Астанада бірнеше көше атаулары өзгертіледі. Бұл туралы қалалық мәслихаттың кезектен тыс 47-сессиясында айтылды. 2014 жылы ономастикалық комиссиямен бекітілген атаулар көше атаулары мәслихат депутаттарының қарауына ұсынылды.

Әлі атау берілмеген көшелерге Жәмеңке абыздың, Мемлекет және қоғам қайраткері Ілияс Омаровтың, жазушы-драматург Зейін Шәшкиннің, Қазақстанның халық әртісі Әмина Өмірзақованың, сондай-ақ «Дала уәлаяты» газетінің редакторы Рахымжан Дүйсенбаевтың есімдері берілмек.

Сонымен қатар, қазіргі Мирзоян көшесін Тұңғыш академик ғалым Қаныш Сәтпаевтың есімімен қайта атау туралы, ал Нұрғиса Тілендиев орамын «Алаш» партиясы жетекшілерінің бірі - Аспандияр Кенжиннің есімімен қайта атау туралы ұсыныс айтылды.

Шыңғыс Айтматов пен режиссер-педагог Асқар Тоқпановтың да есімдері Астана көшелеріне беріледі. Барлық ұсыныстарды депутаттар бір ауыздан қолдады.

Тоғжан АМАНАЛИЕВА