×

Ресей сыртқы нарыққа шығарылатын көліктер санын биыл 100 мыңға жеткізуді жоспарлады

AstanaTV
25.02.2015ж. 13:00
1225
Ресей сыртқы нарыққа шығарылатын көліктер санын биыл 100 мыңға жеткізуді жоспарлады

Ресей сыртқы нарыққа шығарылатын көліктер санын биыл 100 мыңға жеткізуді жоспарлады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе артық. Межені орындау үшін АвтоВАЗ Қазақстан мен Украинаға үміт артып отыр.

Тольятти зауыты өткен жылы 50 мың көлікті сыртқа сатты. Ал қазір 70 мың көлікке келісім шарт жасалып қойған. Бұл туралы РБК арнасына зауыт президенті Бу Андерссон мәлімдеді. Жоспар бойынша, 2015 жылы экспортталатын 100 мың көліктің жартысы Қазақстанға жөнелтіледі.

Мұнан өзге 5 мың көлікті - Мысыр, 4 мыңын - Әзірбайжан, 2 жарым мың автомашина - Германия нарығында сатылмақ. Ал басты мәселе 
 Украинаға қатысты. 2012 жылы Ресей көлігін импорттау жағынан Украина екінші орында еді. Екі жылдан соң сауда түгел құрдымға кетті.

Бу Андерссонның айтуынша, қазір қарым-қатынастар түзеліп келеді. Зауыт украиналық әріптестерімен 4 мың автокөлік жеткізуге келісім шарт жасасқан.

Тоғжан АМАНАЛИЕВА