«Кәсіпқойлар арасындағы WBA, IBO және WBC тұжырымдары
бойынша бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау
жеделхатына жауап берді.
Ол мемлекет басшысына таяуда өткен жекпе-жектегі жеңісіне
орай жолдаған жылы лебізі үшін алғыс білдірді», - деп хабарлайды президенттің
баспасөз қызметі.
Боксшы
өз хатында халықаралық аренада ел намысын қорғап жүргенін мақтан тұтатынын
жеткізген. Әрі аса зор жауапкершілікті сезініп жүргенін де жасырмады.
Мен туған
елімді халықаралық аренада танытып, Қазақстаннан шыққан саңлақ спортшы қандай
болатынын бүкіл әлемге көрсеткенімді айрықша мақтан тұтамын. Патриоттық сезімге
бөленемін. Елімізде бокс спортын дамытуға үлесімді қоса жүріп, Сізге және барша
отандастарыма қуаныш сыйлау, мемлекетіміздің мерейін өсіру мүмкіндігіне ие болғаным
үшін шынайы бақыттымын.
Жұрағат БАМАН