$499.51 €525.83 ₽4.62
×

Елбасы Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев және Мәжіліс төрағасы Қабиболла Жақыповпен консультация өткізді

AstanaTV
25.02.2015ж. 20:00
1691
Елбасы Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев және Мәжіліс төрағасы Қабиболла Жақыповпен консультация өткізді

Ақордада Мемлекет басшысы бірнеше маңызды кездесулер мен кеңестер өткізді. Елбасы әуелі Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мәжіліс төрағасы Қабиболла Жақыповпен кеңесті. Кездесуде кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы көтерген бастама жайы сөз болды. Мемлекет басшысы сайлауды 2015 жылы өткізу идеясын ел-жұрт, соның ішінде еңбек ұжымдары мен қоғамдық бірлестік мүшелері, зиялы қауым, жастар және аға буын қызу талқылап жатқанына тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Бастаманы Парламент палаталары да қарап, қолдау білдірді және маған тиісінше үндеу жолдады. Парламент Сенатының сұрауы бойынша Конституциялық Кеңес осы мәселе жөнінде нормативтік қаулы қабылдады.

Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев Конституция ережелеріне сай келетін президент сайлауын өткізуді қолдайтынын жеткізді. Әлемде қалыптасқан тұрақсыздық жағдайында бүкіл елімізге Мемлекет басшысының беделі қажет екенін атап өтті. Ал Мәжіліс төрағасы Қабиболла Жақыпов Мәжіліс депутаттары мен Қазақстан қоғамының түрлі топтары елдің жетістіктері мен әлемдегі ахуалды ескере отырып, сайлау өткізуді қолдап отырғанын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Қазақстанның сырттағы жағдайы белгілі, күрделі, алмалы-төкпелі деп айтуға болады. Сондықтан, меніңше, Сенат төрағасы ретінде президенттік сайлау өткізсек, дұрыс болады. Толығымен қолдаймын.

Қабиболла Жақыпов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

Қазіргі таңдағы Қазақстан қандай жетістіктерге жетіп жатыр, айналамызда не болып жатыр, солардың барлығын ойлап отырып, ол жалғыз парламенттердің емес, жан-жақтан халықтың пікірі. Халық жазып сұрап жатыр. Бізге қазір бірінші керегі тыныштық, сол түгелдей қолдап, сізге жеткізіп отыр.

Жұрағат БАМАН