$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қызылша дертінің асқынып бара жатқанына алаңдаулы

AstanaTV
26.02.2015ж. 13:00
1174
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қызылша дертінің асқынып бара жатқанына алаңдаулы

Қазақстанда, Қырғызстанда және Ресейде қызылшаға шалдығу оқиғалары артып отыр. «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұған алаңдаушылық білдіруде»,- деп хабарлайды «Қазақпарат».

Ұйымның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сай аталған сырқат, Орта Азиямен қатар Еуропада да таралып отыр.
2014-15 жылдары әлемнің 7 елінде қызылшаға шалдығудың 22 мыңнан астам оқиғасы тіркелген.

Қызылшаны ең көп жұқтырған елдердің көшін Қырғызстан бастап келеді. Ал Қазақстанда ауруға шалдыққандар саны 537 адам. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропа мен Орта Азия елдерін қызылша дертіне қарсы екпе жасауда өз күштерін белсендіре түсуге шақырды.

Өйткені, сырқат түрлі асқынулар тудырып қана қоймай, өлім-жітімге соқтыруы мүмкін,-дейді ұйым өкілдері
.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА