$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Мемлекеттік айыптаушылар соттан Нұрлан Жоламановты 14 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

AstanaTV
26.02.2015ж. 20:00
1032
Мемлекеттік айыптаушылар соттан Нұрлан Жоламановты 14 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Мемлекеттік айыптаушылар соттан ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы Нұрлан Жоламановты 14 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бұл туралы сот талқылау отырысында белгілі болды.

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 235 бабы 3 бөлімі және 366 баптың 4 бөліміне сәйкес, айыпталушының жеке мүлкі тәркіленіп, өмір бойына мемлекеттік органдарда лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылсын. Жоламанов 14 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қатаң режимдегі түзету колониясында өтесін», - деді прокурор.

Еске салайық, бұл іс бойынша сот процесі 26 қаңтарда басталды. Тағы бір фигурант - Алматыдағы № 24/58 әскери бөлімінің командирі Қайрат Балмағамбетов. Жоламанов пен Балмағамбетов аса ірі көлемде пара алды және ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген күдікке ілінген. Сотта Жоламанов өзін кінәсізбін деп, тағылған айыпты жоққа шығарды. Ал Қайрат Балмағамбетов кінәсін толық мойындады.

Айта кетейік, бүгінгі сот талқылауында Жоламановтың төрт қорғаушысының біреуі тыңдалды. Жарыссөз ертең де жалғасады.

Жұрағат БАМАН