$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Алматы метросында ардагерлер құрметіне концерт өтті

AstanaTV
26.02.2015ж. 20:00
1259
Алматы метросында ардагерлер құрметіне концерт өтті

Алматының метросында ән қалықтады. Ұлы жеңістің 70 жылдық мерекесі құрметіне Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің ұжымы ерекше шараға мұрындық болды.

Концерттік бағдарламада Ахмет Жұбанов атындағы қазақ ұлттық аспаптар оркестрі, вокалистер қоры мен студенттердің үрмелі аспаптар оркестірінің орындауында танымал композиторлардың шығармалары орындалды. Ал жеке орындауда оқу орнының студенттері халық әндерінен әуелетті. Шара - «Метрополитен» ұжымы мен өнерлі студенттердің біріккен жобасы.

Биылғы думанды кеш жақындап келе жатқан Жеңіс мерекесіне арналып отыр. Метродағы ән мен өнер қойылымдарын тамашалау үшін ардагерлер арнайы шақырылған. Осылайша колледж ұжымы студенттер санасындағы адамгершілік құндылықтар мен үлкенге құрметтің үлгісін көрсетуді мақсат еткен. 

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ