$499.51 €525.83 ₽4.62
×

Азат Перуашев: Спорт саласына бөлінген қаражат дұрыс жұмсалмайды

AstanaTV
26.02.2015ж. 20:00
1137
Азат Перуашев: Спорт саласына бөлінген қаражат дұрыс жұмсалмайды

Спорт саласына бөлінген бюджет қаражаты дұрыс жұмсалмайды. Қазаққа ең қажетті спорт түрлері қаржыдан қағылып, ақшаның басым бөлігі шет елдік жалдамалы ойыншыларға жұмсалып жатыр.

«Ақ жол» партиясының жетекшісі Азат Перуашев осындай мәселе көтерді. Айтуынша, биыл әкімдіктер күрес секцияларын қаржыландыруға 3,2 миллиард теңге, боксқа - 1,5 миллиард, ауыр атлетикаға жарты миллиард теңге бөлген. Ал футбол клубтарына бақандай 14,6 миллиард теңге аударған. Депутат: «Бес есе артық ақша алатын футбол клубтарында шет елдік жалдамалы ойыншылар көп. Олардың алатын ақысы отандық спотшылардың түсіне де кірмейді. Ал жетістік шамалы. Спорт басқармалары мен әкімдіктер жастар қызығатын бокс, күрес, ауыр атлетикаға жағдай жасау керек», - дейді. 

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» фракциясының жетекшісі:

Бюджет қаражаты легионерлердің айлығына емес, балалар мен жасөсіпірмдер арасында жаппай спортты дамытуға жұмсалуы керек. Әлемде кәсіби футбол клубтары мектептер мен спорт секцияларының ақшасына таласпай, өз күнін өзі көреді. Керісінше, балалар спортына демеушілік көрсетеді. Ол нағыз кәсіби шеберлер. Ондайлар бізде де бар. Мәселен, Геннадий Головкин. Бюджеттен, ұлттық компаниялардан ақша алмайды. Балалардың ақшасына ортақтасып отырған футбол командалары, оның шінде шет елдік ойыншылар - кәсіби шеберлер емес, тіпті кәсіпкерлер де емес.  

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ