$479.05 €534.57 ₽5.17
×

АҚШ-тың он штатында төтенше жағдай жарияланды

AstanaTV
27.02.2015ж. 10:00
1353
АҚШ-тың он штатында төтенше жағдай жарияланды

АҚШ-тың он штатында төтенше жағдай жарияланды. Елдің оңтүстігі мен солтүстік шығыс аймағы қар құрсауында қалып отыр. Рейтерстің мәліметінше, мыңдаған әуе рейстері кейінге шегерілген.

Жол көлік оқиғаларында 13 азамат қаза тапты. Электр желілерінің үзілуіне байланысты жарты миллионнан астам тұрғын жарықсыз қалған. Тоқтаусыз жауған қалың қар елді әбігерге салды.

Көптеген қалаларда мектептер мен мемлекеттік мекемелер жұмысын тоқтатқан. Жүргізушілер тас жолдың тазартылмай, бетін мұз басқандығын айтып шағымдануда. Жер-жерлерде қар мен мұздақтың салмағынан ағаштар құлап электр сымдарын үзген.

Мұндай жағдай жақын уақыттары АҚШ-тың астанасы Вашингтонда да орын алуы мүмкін. Осыған орай Конгрестегі кезекті тыңдалым да кейінге шегерілген. Ел билігі ақ түтек бораннан сақтану үшін тұрғындарға баспаналарынан шықпауға кеңес беруде.

Мансұр ЕСХОЖИН