$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Қарағандылық ТЖ мамандары қардың қалың түсуінен қауіп жоғары екенін айтты

AstanaTV
27.02.2015ж. 13:00
1135
Қарағандылық ТЖ мамандары қардың қалың түсуінен қауіп жоғары екенін айтты

Қарағандылық құтқарушылар көктемгі су тасқынына дайындықты бастап кетті. Жергілікті төтенше жағдай бөлімдерінің құрал-жабдықтары тексеріліп, мал-жанды қауіпсіз жерге көшіру жоспарлары жасалуда.

Биыл аймаққа қар қалың түскен. Төтенше жағдайлар қызметкерлері осыдан қауіптенеді. Құтқарушылардың дерегінше, жағдай әсіресе облыстың солтүстік аудандарында күрделі. Аймақтың Төтенше жағдайлар департаменті осы өңірдегі 49 су қоймасын тексерген.

Бөгеттерді дер кезінде қарауға алмаса, жүзге жуық елді мекенді су шайып кетуі мүмкін. Олар-Қоянды, Қойбас, Ақпан, Көксу, Есенкелді ауылдары. Тексеру барысында, қардың қалыпты мөлшерден 200 пайызға артық түскені анықталды. Сондықтан облыста құтқарушылардың арнайы бақылау штабы құрылды.

Мұрат Қатпанов, Қарағанды облысы ТЖД бастығының орынбасары:

Көкпекті үлкен сабақ болды, бізге. Звезда ауылында да сондай жағдай болған. Ондай оқиғалар көп. Наурызға дейін біз барлық су қоймаларды тексереміз. Хабарландыру құралдарын түгендеп, эвакуациялау, төтенше жағдайларды жою жоспарларын құрамыз.

Айжан ҚУАШ