«Кәсіпкерлерге қамқор». Осындай
атаумен «Нұр Отан» партиясы
республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде арнайы акция өтті. Республикалық
шараны «Кәсіпкерлікті дамыту қоры» Астана филиалының өкілдері өткізді.
Қабылдауға келген кәсіпкерлер «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік
бағдарламасы аясында кәсіп иелері үшін бірқатар маңызды ақпараттармен бөлісті.
Сондай-ақ өз ісімді ашсам деген жандарға құнды кеңестер берілді. Қабылдау
аясында бейнеконференция өткізіліп, шағын-орта бизнес өкілдеріне бағдарламаның
тетіктері мен шарттары кеңінен түсіндірілді. Бизнесті қаржыландыруға
қолжетімділікті арттыру да назардан тыс қалмады. Көпшілікті толғандырған
сауалдарға жауап берілді. Әсіресе, екінші деңгейлі банктер беретін несие бойынша
сыйақы жүктемесін азайту, кәсіпкерлерді оқыту және бизнес жоспарлар жасау
мәселесі сөз болды. Қаржы институттарымен бірлесіп қаржыландыру тетіктерін
кеңейту мүмкіндіктері де айтылды. Акцияға қатысушылар барлық сұрақтарына нақты
жауаптармен кеңестер алды.
Тігін шаруашылығымен
айналысамын. Киімдерді жобалаймын. Осы жұмысты кеңейтсем деген ой бар, қосымша
адамдарды кәсіпке үйреткім келеді. Бізге осы бағытта жақсы түсініктеме берді.
Үміттендірді. Енді осыған сеніп отырмыз.
Жұмажан Жүкенов, «Нұр Отан»
партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі меңгерушісінің орынбасары:
2015 жылы екі рет «Жол картасы»
бойынша қабылдау өткіздік. 5 мыңнан аса адам келді. Талпыныс көп. Көмек көрсете
алдық. Оқуына, бизнес жоспар құруына - соның барлығына ықпал жасауға «Нұр Отан»
қол жеткізіп отыр.