$499.51 €525.83 ₽4.62
×

Елімізде президенттік сайлаудың ұйымдастырылуы демократиялық стандарттарға сай - СІМ

AstanaTV
27.02.2015ж. 20:00
1117
Елімізде президенттік сайлаудың ұйымдастырылуы демократиялық стандарттарға сай - СІМ

Президенттік сайлау демократиялық стандарттарға сай ұйымдастырылады. Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдрысов осыны мәлімдеді. Ведомство басшысы шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің басшыларымен өткен баспасөз мәслихатында, 26 сәуірде өтетін сайлауға халықаралық байқаушылар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері кеңінен тартылатынын, мәлімдеді. 

Ерлан Ыдырысов, ҚР Сыртқы істер министрі:

Сайлау ашық, әділетті, бәсекелестік жағдайында өтеді деп сенемін. Ол ішкі заңнамалық талаптарға және халықаралық стандарттарға сай болады. Халықаралық және отандық байқаушылар, халықаралық БАҚ өкілдері шақырылады. Сайлаушылардың өз қалау еркіндігін білдіру құқығын қамтамасыз етеміз.

Дипломатиялық миссия өкілдері де сөз алды.Олар сайлаудың аса қажеттілігін атай келе, өз елдерінен арнайы бақылаушылар келетінін айтуда. 

Зураб Патарадзе, Грузияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі:

Біз, қазақстандықтар дұрыс шешім жасайды деп, сенеміз. Сайлау өткізу шынымен де өте маңызды екенін бәрі жақсы түсінеді. 3 наурызда ЕҚЫҰ миссиясының өкілдері келіп, қазақстандық тараппен сайлау өткізу бойынша жұмыс жасамақ. Менің ойымша, Грузия да қалыс қалмайды. Біздің елден де бақылаушылар келеді. 

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА