Әрбір мемлекеттік орган, мектептер мен аруханалар сыбайлас жемқорлықты
түбірімен жою үшін, өздерінің қаржы есептемелерін жария етіп отырулары шарт. Осындай ойын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша өткен халықаралық
дөңгелек үстел жиыны барысында «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші
орынбасары Бауыржан Байбек жеткізді.
Ол билеуші партия да осы әдіске көшкенін
тілге тиек етті. Айтуынша, өткен жылы партия алғаш рет өзінің есептемелік
қаржысын жария еткен. Бауыржан Байбек: «Жергілікті атқарушы билік органдары
мейлінше ашықтық принципін ұстанғаны жөн. Халық олардың жұмысын бақылап,
бағамдай алатын мүмкіндікке ие болу керек», - дейді.
Бауыржан Байбек, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:
Біздер тыңғылықты жұмыс істеудеміз. Мемлекеттік тендерлерге қатысуға
ниет білдірген әрбір компания, қыржыландырылып отырған әрбір мекеме қаржылық
құйтырқылықтарға жол бермес үшін, ашықтық принципін ұстанған жөн деп
ескертеміз. Әрбір мектеп, аурухана өз бюджетін жария етіп отыруы шарт.
Ата-аналар жөндеу жұмыстарына, оқулықтарға бағытталған қаражаттардың қалайша
жұмсалып жатқандығынан хабардар болулары керек.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА