$479.05 €534.57 ₽5.17
×

ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы Жоламанов сот алдында соңғы сөзін айтты

AstanaTV
27.02.2015ж. 20:00
1534
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы Жоламанов сот алдында соңғы сөзін айтты

Астанада тағы бір атышулы қылмыстық іс бойынша сот процесі аяқталуға жақын. ҰҚК Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Нұрлан Жоламанов бүгін сот алдындағы соңғы сөзінде өзіне жала жабылғанын, әрі кінәсіз екенін тағы қайталады. 

Нұрлан Жоламанов, айыпталушы:

Мен кінәсізбін. Ешқандай қылмысқа қатысым жоқ. Ұйымдасқан қылмыстық топ құрған жоқпын. Пара да алғаным жоқ. Әрдайым Отаныма адал қызмет атқарып келдім.

Айта кетейік, бүгінгі сот отырысында Жоламановтың төрт қорғаушысы да түгел тыңдалды. Сот талқылауы барысында адвокаттар мемлекеттік айыптаушы келтірген фактілердің негізсіз әрі дәлелсіз екендігін атап өтті.

Жомарт Сарманов, адвокат:

Жоламановтың ісі бойынша пара берушілерге қатысты қылмыстық іс қозғалған жоқ. Ал негізінде кем дегенде 8 іс қозғалуы тиіс болатын. Қылмыстық іс қозғалмай тұрып, тергеу амалдарын жүргізу бұл «нонсенс». Міне, осындай заңдылықтар ескерілмеген.

Атышулы процесске айыпталушының туған інісі, ресейлік кәсіпкер Бекбай Жоламанов алғаш рет қатысты. Оның айтуынша, ағасы Нұрлан Жоламанов қаржыға мұқтаж болмаған. «Отбасымызда 11 ағайындымыз. Ақшадан қысылсақ, бір-бірімізге көмек қолын созамыз. Нұрланның пара алуға дейін баратындай, қаржылық қажеттілігі болған емес», - деді ол. Жоламановтың өз кінәсін мойындамай, айыптауды «саяси тапсырыс» деп атауын да құптап отыр. 

Бекбай Жоламанов, Нұрлан Жоламановтың інісі:

С мнением брата я соглашаюсь. Но говорить о каком-то клане или что-либо, я не могу сказать. Потому что лицом к лицу с братом не беседовал.

Еске салсақ, шекара қызметінің қос шендісі Жоламанов пен Балмағамбетов аса ірі көлемде пара алды және ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген күдікке ілінді. Сотта Жоламанов өз кінәсін жоққа шығарғанымен, Алматыдағы № 24\58 әскери бөлімінің бұрынғы командирі Қайрат Балмағамбетов кінәсін толық мойындады. 

Жұрағат БАМАН