Мемлекет
басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын 20 жылдығымен құттықтады. Тәуелсіздігімізді
нығайтуда бұл ұйымның ролі айрықша екеніне тоқталды. Бұл туралы Ақорданың
баспасөз қызметі хабарлайды.
Еске салайық, Ассамблея 1995 жылдың 1
наурызында құрылды. Елбасы өз құттықтауында Қазақстан халқы Ассамблеясы -
бейбітшілік пен келісімнің, ұлттар достығының берік іргетасы екенін айрықша
атады.
Ал Қазақстан халқы Ассамблеясы өз кезегінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың
26 ақпанда өтетін президент сайлауына қатысуын сұрады. «Қазақстан
халқы Сіздің кезектен тыс сайлау тағайындау
туралы Жарлығыңызды ерекше ықыласпен қабылдады. Ассамблеяның бастамасын қолдағаныңыз үшін Сізге зор алғысымызды
білдіреміз»,- делінген арнайы үндеуде.
Сондай-ақ, Ассамблея өкілдері
«ел
мүддесін ескере отырып, Қазақстан
Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан кезектен тыс Президент
сайлауында өз кандидатурасын ұсынуын сұрайтынын», -
баса айтып өткен.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА