Бүгін
Ақтөбеде бір көшенің 50-ден астам тұрғыны көшірілді. Қалада орталықтандырылған
су құбыры жарылып, мамандар жер астынан атқылаған суды бірнеше сағат бойы
тоқтата алмапты. Ал үйлерін су басқан тұрғындар жан-жаққа жан сауғалап кетті.
Оқиға орнында болған тілшіміз Мансұр Есқожин баяндайды.
Жамбыл көшесі тұрғындары бүгін таңғы сағат 8-ден бастап аласапыран күй кешті.
Аяқ астынан келген су жертөлелерді толтырып, баспаналарға кірген. Кейбір
үйлердегі судың деңгейі тізеден асқан. Қыстың көзі қырауда баспанасын су басқан
тұрғындар не боларын білмей дал.
Дәмегүл
Сарбаева:
Үйдің
іші барлығы бүлінді, мүлкіміздің барлығы бүлінді. Тұрмыз енді. Мына белден
әйтеуір су.
Индира
Әбдірахманова:
Сыртқа
шықсам, ТЖМ-тің адамдары есік қағып жүр. «Далаға шығыңдар, шығыңдар», - деп.
«Апатты жағдай», - деп қайта-қайта. Сол баламды киіндіріп, сыртқа шығыңдар
деді. Шығып едік, өте алмағасын, ТЖМ-тің екі баласы келіп, көтеріп алып шықты
бізді.
Қазір
үйлерін су басқан тұрғындар көршілерінің үйлеріне уақытша жайғастырылыпты.
Айдана
Қыдырова, Ақтөбе облыстық ТЖД тобының
құтқарушы-фельдшері:
Осы
уақытқа дейін 50-ден астам адам құтқарылды. Жылыту бекеттері қазір менің
үйімде, көріп тұрғаныңыздай. Кішкентай балалар да бар, ересек адамдар да бар
оның ішінде.
Құбырға
жауапты жергілікті «Ақбұлақ» мекемесі өкілдері әзірге апаттың неден болғанын
дөп басып айта алмай отыр. Арнайы комиссия шешімін күтпек. Қазір мамандар
жарылған құбыр орнында жөндеу жұмыстарын бастап кетті.
Асан
Ыбраев, Ақтөбе қаласындағы «Ақбұлақ» АҚ президенті:
Су
келетін барлық жақын маңдағы құбырларды жаптық. Қысым деңгейін түсірдік.
Баспаналар
мен аулалардағы су сорылды. Ауласын ғана су басқан тұрғындар баспаналарына
қайта оралды. Ал, баспанасын су басқандар тағдыры әзірге белгісіз. Қалалық
әкімдік өкілдері зардап шеккендер тарапынан басқа үйге көшіру туралы арыз
түспегенін айтты.
Мансұр
Есқожин, тілші:
Алдын
ала болжам бойынша, бұл көшедегі 5 баспана суға кеткен. Шенеуніктер мен
«Ақбұлақ» өкілдері арнайы комиссия құрып, келген шығын көлемін анықтайтын
болады. Қажет болса, тіпті жаңадан үй тұрғызып беруге дайын.
Мансұр
ЕСҚОЖИН