$498.51 €522.84 ₽4.81
×

«Нұр Отан» партиясының сайлауалды тұғырнамасында дағдарыстан шығаратын бағдарламалық жұмыстың сабақтастығы айқын көрінеді

AstanaTV
02.02.2016ж. 20:00
1642
«Нұр Отан» партиясының сайлауалды тұғырнамасында дағдарыстан шығаратын бағдарламалық жұмыстың сабақтастығы айқын көрінеді

Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының сайлауалды тұғырнамасында дағдарыстан шығаратын бағдарламалық жұмыстардың сабақтастығын айқындап берді. Осындай ойын бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз отырысында Парламент Мәжілісінің V шақырылым депутаты Қайырбек Сүлейменов жеткізді. Ол: «Құжаттың басымдығы қоғамды 5 институционалдық реформаны жүзеге асыруға үндеуінде»,- дейді. Айтуынша, экономиканы модернизациялау мен дағдарысқа қарсы тұрақтылықты орнатуға бізде барлық мүмкіндік бар.

Еске салайық, 29 қаңтарда президенттің төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVII съезі өткен. Съезд қорытындысы бойынша партия «Қазақстан - 2021. Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты жаңа  сайлауалды бағдарламасын қабылдады. Сондай-ақ, мерзімінен бұрын өтетін Парламент Мәжілісіне үміткерлердің тізімін бекітті. Оған 127 адам еніп отыр.

Қайырбек Сүлейменов, ҚР Парламенті Мәжілісінің V шақырылым депутаты:

Мемлекет басшысы 17 съезд жұмысы барысында  мемлекет пен қоғам алдында тұрған мақсаттардың мәнін ашып, «Нұр Отан» партиясының алдына нақты міндеттер қойды. Қоғамды бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға шақырды. Менің ойымша, дағдарыстан шығаратын бағдарламалық жұмыстың сабақтастығы тағы бір рет айқын көрініс тапты. Яғни бір жыл бұрын айтылған және бұл жолы сөз болған жоспардың арасында қарама-қайшылық жоқ, қабылданып жатқан шешімдердің сабақтастығы байқалады.