Өскемендегі Үлбі металлургиялық зауытының
жұмысшылары 26 сәуірде өтетін президент сайлауына Нұрсұлтан Назарбаевтың өз
кандидатурасын ұсынғанын қалайды. «Қазақатомөнеркәсіп» ұлттық
компаниясының құрамындағы кәсіпорын атом станциялары үшін ядролық отын
өндіреді.
Кәсіпорынның өнімі тек ТМД емес, Еуропа елдеріне де экспортталады. 4
мыңға жуық жұмысшысы бар ірі өндіріс ошағында еңбек ететін Қанат Әлікеевтің де
тілегі біреу. Ол өз президентін кандидаттар
қатарынан көргісі келеді.
Қанат Әлікеев, «Үлбі металлургия зауыты» АҚ жұмысшысы:
Біз бейбітшілік кезде өмір сүріп, жұмысымызда
тыныш, балаларымызды өсіріп, болашаққа деген жоспар құрудамыз. Сондықтан да,
Нұрсұлтан Әбішұлы Сізден президент сайлауына қатысуыңызды және өз
кандитураңызды ұсынуыңызды зауыт металлургтері атынан сұраймыз.
Мөлдір ДЮСЕКИНА