$479.05 €534.57 ₽5.17
×

2020 жылға қарай Қазақстанда тұтынылатын энергия көлемі 25 пайызға үнемделеді

AstanaTV
03.03.2015ж. 13:00
863
2020 жылға қарай Қазақстанда тұтынылатын энергия көлемі 25 пайызға үнемделеді

2020 жылға қарай Қазақстанда тұтынылатын энергия көлемі 25 пайызға үнемделеді. Бүгін елімізде «Энергия тиімді Қазақстан» акциясы бастау алды. Энергияны жаппай үнемдеуге көшу үшін алдағы 5 жылда 3270 жоспар іске аспақ.

Оның ішінде, энергияның 30 пайызын тұтынатын ірі кәсіпорындарда аудит жүргізіледі. Жауапты мекеме тау-кен химия өнеркәсібіндегі 100 кәсіпорынмен осы бағытта жұмысты бастап кетті. Жыл соңына дейін бұл нысандарда энергоаудит аяқталады.

Сондай-ақ, Қазақстанда 160 мыңнан астам көп пәтерлі үй және 22 мың әлеуметтік нысан бар. Бүгінде олардың тек үштен бірі ғана жылу үнемдегіш аспаптармен қамтылған. Егер автоматты жылу бекеттері орнатылса, 30 пайызға дейін энергия үнемдеуге болады.

Төлеутай Рахымбеков, ҚР ТКШ Құрылыс ұлттық палатасы басқармасының төрағасы:

Қазір наурыз айының басынан бастап далада күн жыли бастайды, ал бірақ,беріліп отырған жылудың температурасы -20 градусқа арналған осы кезде біз үйдің іші ыстық, жұмыс ыстық, мектеп ыстық терезе ашамыз. Келіп отырған жылуға ақша төлейміз, ақша далаға кетеді, осы бекетті орнатқанда бізге 30 пайызға энергия үнемдеуге мүмкіндік бар.

Мөлдір ДЮСЕКИНА