$479.05 €534.57 ₽5.17
×

«CRJ-200» ұшағының құлауына ұшқыштардың қателігі себеп

AstanaTV
03.03.2015ж. 13:00
957
«CRJ-200» ұшағының құлауына ұшқыштардың қателігі себеп

«CRJ-200» ұшағының құлауына ұшқыштардың қателігі себеп. Апаттың ресми себебін, Халықаралық авиация комитеті комиссиясы жариялады. Осылайша екі жыл бұрынғы қайғылы жағдайға адами фактор түрткі болды,- деп хабарланған комиссия қорытындысы туралы мәліметте.

Апат экипаж мүшелері екінші айналымға кеткен кезде орын алғаны белгілі. Тергеу жүргізген комиссия техниканың істен шықпағанын көрсетті, яғни ақау болмаған.

Еске салайық, «
SCAT» әуе компаниясына тиесілі «CRJ-200» ұшағы Алматы түбінде 2013 жылдың 29 қаңтарында құлады. Көкшетаудан Алматыға бағыт алған ұшақ апатынан 21 адам қаза тапты. Оның бесеуі экипаж мүшелері.

Айгүл ӘДЕПБАЙ