$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақтауда медициналық колледждің бес студенті бір мезгілде өмірмен қоштасуға бел буыпты

AstanaTV
03.03.2015ж. 20:00
1318
Ақтауда медициналық колледждің бес студенті бір мезгілде өмірмен қоштасуға бел буыпты

Ақтауда медициналық колледждің бес студенті бір мезгілде өмірмен қоштасуға бел буыпты. Олардың әрқайсысы 50 таблеткадан парацетамол дәрісін ішкен. Абырой болғанда, жасөсірімдер ауруханаға дер кезінде жеткізілгеннен аман қалды. Дәрігерлер олардың асқазандарын жуып-шайып, үйлеріне жіберді.

Қазір балалармен психологтар жұмыс істеп жатыр. Бұл жайында арнамыздың аймақтағы тілшісіне облыстық ІІД баспасөз қызметі мамандары айтты. 

Азамат Сәрсенбаев, Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметінің қызметкері:

Қыздардың айтуынша, солардың біреуі таяуда күйеуімен жанжалдасып, парацетамол дәрісін шексіз қабылдамақшы болған. Теріс бастаманы оның төрт құрбысы да қолдаған. Дәл сол күні полицейлер қылмыстық іс қозғады. Кейін қылмыстың белгілері болмағаннан кейін, іс жабылды.

Абзал ҚҰРМАНКИН