$499.51 €525.83 ₽4.62
×

Зиялы қауым өкілдері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы сайлауға қатысуын сұрап отыр

AstanaTV
04.03.2015ж. 10:00
1637
Зиялы қауым өкілдері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы сайлауға қатысуын сұрап отыр

Президенттік сайлаудың болатын күні нақтыланғанымен, сайлау додасына кімнің түсетіні әзірше белгісіз. Еліміздегі зиялы қауым өкілдерінің пікірінше, халықаралық жағдай мен қаржы дағдарысы шиеленіскен жағдайда, Қазақстанды тек бір адам басқаруы тиіс. Сондықтан ол азаматтар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы сайлауға міндетті түрде қатысқанын сұрап отыр.

Сұлтанәлі Балғабаев, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасының орынбасары, жазушы:

Шетелдегі қазақтардың барлығы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты тек Қазақстанның президенті ғана емес әлемдегі бүкіл қазақтың көш басшысы деп есептейді. Солай құрметтейді, солай бағалайды. Сондықтан алдағы сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы президенттікке өзінің кандидатурасын ұсынып, мемлекет басшысы болып қайта сайланса,- деген бірауыздан өтініш тілектері бар.

Ақмола облысындағы Соғыс және Еңбек ардагерлері де Елбасының алдағы президент сайлауына қатысуын сұрайды. Қарт майдангер Асылбек Дәулетовтың айтуынша, бүгінде Қазақ елін бүкіл әлем таниды. Экономикамыз өсіп, жер жаһандағы айбынымыз бен абыройымыз артты. Алға қойған белестерді бағындыру үшін, елге аса білікті басшы  қажет.

Асылбек Дәулетов, Отан соғысының ардагері:

Өзінің егемендігін алғаннан кейін Қазақстан, үлкен елдердің қатарына қосылып, экономикасын, мәдениетін, барлық жағдайын сол басқа елдермен теңестіруге айналды. Оның негізгі кілті басқарушы Нұрсұлтан Назарбаев бірінші күннен бастап осы елдің экономикасын көтеруге өзінің еңбегін сіңіріп келе жатыр.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА