$499.51 €525.83 ₽4.62
×

Сайлау кезінде электорат қаншалықты сауатты?

AstanaTV
04.03.2015ж. 20:00
1665
Сайлау кезінде электорат қаншалықты сауатты?

Электорат қаншалықты сауатты? Дауыс беруші адам өз құқығын біле ме? Алматыда сайлаушылардың белсенділігін арттыруға бағытталған арнайы конференция өтті. Конференцияға қаладағы белді заңгерлер, жоғарғы білім ордаларының басшылары және үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.

Іс-шараға мұрындық болған «Заңгерлер әділетті сайлау үшін» ұйымы «электораттың сауаттылығын арттыру қажет» деп санайды. Мамандар қоғамда өз даусы арқылы ел болашағы шешілеріне үстірт қарайтындардың көптігін алға тартуда. "Әсіресе жастардың белсенділігі төмен",- дейді жиналғандар. Мұның барлығына жастардың сайлау туралы заңды білмейтіндігі себеп екенін айтады. Конференция барысында түрлі пікірлер айтылып, бірқатар проблемаларды шешу жолдары ұсынылды. Жиын қорытындысы бойынша пікірлер мен ұсыныстар Орталық сайлау комиссиясына жолданбақ. 

Өмірәлі Қопабаев, Д. Қонаев атындағы университеттің ректоры:

Біздің мақсатымыз - сол сайлау туралы заңды насихаттау, Конституцияны насихаттау, елге жеткізу. Қазір білесіздер, кейбір елдерде көбісі сайлауға бармайды. Сайлауға жастарды, басқа да электоратты дайындау қажет. Өз тағдырыңды өзің шешесің дауыс беру арқылы, соны түсіндіру керек.

Берік ХАСЕНОВ