$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Қытай 2015 жылы қорғаныс саласына жұмсалатын қаржыны 10 пайызға арттырмақ

AstanaTV
05.03.2015ж. 10:00
1040
Қытай 2015 жылы қорғаныс саласына жұмсалатын қаржыны 10 пайызға арттырмақ

Қытай 2015 жылы қорғаныс саласына жұмсалатын қаржыны 10 пайызға арттырмақ. Бүгін жұмысын бастайтын Қытай халқы өкілдері құрылтайының ресми мүшесі Фу Ин есімді азаматша журналистерге осыны мәлімдеді.

Алайда форумның баспасөз хатшысы жоспарланған шығындардың қай бағытта өсетінін нақтылаған жоқ. Депутаттар Қытай үкіметі ұсынған бюджетті бүгін талқылауы тиіс. Өткен жылы, аспан асты елі әскери қажеттіліктерге 132 млрд доллар жұмсаған, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 12,2 пайызға артық.

Қытаймен қоса, әскер шығындарын Жапония да арттыруда. Қаңтар айында, Жапон үкіметі 2015 жылға арналған ең ірі қорғаныс бюджетін бекітті.

Айта кетейік, қос мемлекет Оңтүстік Қытай теңізіндегі Сенкаку аралын әлі күнге бөлісе алмай келеді.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ