$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Францияның Кассациялық соты Мұхтар Әбләзовты экстрадициялау жөніндегі үкімді күшінде қалдырды

AstanaTV
05.03.2015ж. 10:00
955
Францияның Кассациялық соты Мұхтар Әбләзовты экстрадициялау жөніндегі үкімді күшінде қалдырды

Францияның Кассациялық соты Мұхтар Әбләзовты экстрадициялау жөніндегі үкімді күшінде қалдырды. Сот Әбләзовты Ресейге беруді құп көрген. Алайда, бұл мәселеге қатысты соңғы шешімді премьер-министр қабылдайды.

Бұл туралы France-Presse агенттігі жазды. Айта кетейік, Мұхтар Әбләзовты Ресейге экстрадициялау жөніндегі іс кеше Францияның кассациялық сотында қаралған. Аталған процесс бірнеше рет кейінге шегерілген еді.
Яғни, қашқын банкирді экстрадициялау күні белгіленбей келген. Әбләзовтың өзі Францияда қамауда отыр.

Еске салсақ
, Лионның апелляциялық соты өткен күзде қазақстандық банкирді Ресейге беру жөніндегі өтінішті қанағаттандырды. Алайда, Әбләзовтың қорғаушылары Кассациялық сотқа шағым түсіріп, бұл шешімнің қайта қаралуын талап еткен.

БТА-Банктің бұрынғы басшысы ірі қаржылық құйтырқылықтарға барды
, - деп айыпталуда.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ