$491.71 €529.97 ₽5.05
×

Алматы қаласы мен Алматы облысында электр энергиясының құны арзандады

AstanaTV
05.03.2015ж. 13:00
1298
Алматы қаласы мен Алматы облысында электр энергиясының құны арзандады

Алматы қаласы мен Алматы облысында электр энергиясының құны арзандады. Тарифтің төмендеуіне Энергия тасымалдаушы компаниялардың электр қуаты үшін бағаны арзандатуы әсер еткен. Енді Алматы өңірінің тұрғындары энергияның 1 киловат сағаты үшін 17 теңге 38 тиынның орнына,15 теңге 52 тиын төлейді.

Жаңа тариф бойынша тұрғындар бірінші ақпаннан бастап есеп айырысады. Оңтүстік Астанада электр қуаты құнының түсуіне, Екібастұз-1 және Екібастұз-2 мекемелерінің электр энергиясын өткізу бағасын өзгерткеніне тікелей байланысты.

Десек те, «АлматыЭнергоСбыт» басшылығы болашақта Алматы қаласы кәсіпкерлердің кесірінен электр энергиясынсыз қалуы мүмкін дейді. Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының нұсқауымен бірінші наурыздан бастап заңды тұлғаларға электр энергиясы үшін алдын-ала 100 пайыздық төлем алынып тасталыпты.

Соның кесірінен, кәсіпкерлер электр қуаты үшін ақша төлеуді кешіктіруді бастаған. Шаһарда заңды тұлғалардың 27 мың нысаны болса, соның 20 пайызы мүлде төлеуді қойған. Ал, «АлматыЭнергоСбыт» қыруар қарызға батып, Алматы қаласы үшін керек электр энергиясын сатып алуға қаржы таппай жатса керек.

Геннадий Гамбургер, «Алматыэнергосбыт» ЖШС бас директор:

Бұл мәселе жақын арада шешімін таппаса біздің компания банкрот болады. Өйткені Алматы қаласы үшін электр энергиясын сатып алуға ақшамыз жоқ. Шағын және орта бизнес өкілдерінің қарызы кесірінен шығынымыз 5 милиард теңгеге жетті. Ақшаны уақытша, банктерден аламыз, бірақ олар соңғы кезде қарызды бізге доллармен береді. Ахуал немен тынары белгісіз.

Берік ХАСЕНОВ