$499.51 €525.83 ₽4.62
×

Сайлау барысын бақылау жөніндегі қоғамдық комиссия жұмысын бастады

AstanaTV
05.03.2015ж. 20:00
918
Сайлау барысын бақылау жөніндегі қоғамдық комиссия жұмысын бастады

Сайлау барысын бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия жұмысын жандандырды. Оның белсенділері сайлаудың ашық өтуін қадағалайды. Бүгін қоғам қайраткерлері, жазушылар, журналистер мен ғылыми қызметкерлерден құралған комиссия мүшелері жұмыстың басталғанын мәлімдеді.

Еске салайық, бұл комиссия бұрындары президент және парламент сайлауы науқандарына қатысқан. Белсенділердің мақсаты - сайлау барысын бақылау және билік, бұқаралық ақпарат құралдары, саяси партиялар және халықаралық миссиялармен диалог алаңдарын құру. Сайлау жайлы барлық ұсыныстар, шағымдар мен пікірлерді Бақылау.kz сайтына жолдауға немесе қауырт желіге хабарласуға болады. 

Нұрлан Ерімбетов, Қазақстан азаматтық Альянсы президенті:

Біз, қоғам қайраткерлері, еліміз үшін осындай маңызды да, шешуші сәтте тыс қалмауымыз қажет деген пайымға келдік. Біз үміткерлердің сайлауалды штабтарының, сайлау комиссиялардың және БАҚ-дың тарапынан үгіт-насихат шарасы барысында еліміздің сайлау заңнамаларының сақталуына бақылау жасаймыз.

Несіпбек Айтұлы, ақын:

Біз осы сайлаудың бастан аяқ, әділ де таза, күмән-күдіксіз өтуіне, оны бақылауға және оған әділ баға беруге міндеттіміз. Сайлаудың әділ өтуіне әрбір Қазақстан азаматы мүдделі, әділ сайлау - ел абыройы, деп ойлаймын.

Бибігүл Жексенбай, «Бас редакторлар клубы» ҚБ президенті:

Халқымыз үшін, еліміз үшін, жалпы қоғамдық әкімшілік институттар мен БАҚ үшін жауапты кезең. Сондықтан да бұқаралық ақпарат құралдарындағы әріптестерімді осы жауапты кезеңнен абыроймен өтуге шақырамын!

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ