Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Елбасы G-Global Халықаралық хатшылығының басшысы, Парламент Сенатының депутаты Серік Нөгербековті қабылдады

AstanaTV
05.03.2015ж. 20:00
1196
Елбасы G-Global Халықаралық хатшылығының басшысы, Парламент Сенатының депутаты Серік Нөгербековті қабылдады

Елбасы G-Global Халықаралық хатшылығының басшысы, Парламент Сенатының депутаты Серік Нөгербековті қабылдады. Кездесуге сонымен қатар Президенттің көмекшісі Ербол Орынбаев қатысты. Сенатор G-Global жобасын ілгерілету жұмысының барысы туралы баяндап, оны әрі қарай жүзеге асыру доктринасын таныстырды.

Нөгербеков сондай-ақ интернет кеңістікте жүзеге асырылып жатқан G-Global жобасы еліміздің негізгі жобаларын алға бастыруға септігін тигізіп отырғанын айтты. Президент G-Global коммуникативтік алаңын ілгерілету қағидаттарын қайта қарау қажеттігіне назар аударды.

«Көтерілген мәселелердің Астана экономикалық форумында талқыланатын тақырыптарға сәйкестігін қарастыра отырып, оны нақты мамандандыру мәселесін пысықтауды тапсырды», - деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Айгүл ӘДЕПБАЙ