$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Иранның рухани көсемі Әли Хаменеидің жағдайы ауыр

AstanaTV
06.03.2015ж. 10:00
1223
Иранның рухани көсемі Әли Хаменеидің жағдайы ауыр

Иранның рухани көсемі Аятолла Әли Хаменеи ауыр халде Тегерандағы ауруханалардың біріне жеткізілді. Бұл туралы Араб бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап, - Рейтерс агенттігі хабарлайды.

Оған шұғыл түрде ота жасалған. Дәрігерлер 76 жастағы саясаткердің жағдайы ауыр екенін айтты. Мұның алдында Le Figaro сенімді дереккөзіне сілтеме жасап, Хаменеидің енді 2 жыл ғана өмір сүруі мүмкін,-деген болжамды жариялаған.

Шетелдік баспасөздің жазуынша, Иранның рухани жетекшісі қуық безінің обырына шалдыққан. Дерт ағзасына таралса керек. Аятолла соңғы кездері көпшілік алдына шығуды қойған. Жергілікті ақпарат құралдары болса мұрагер тақырыбын қозғап жатыр.

Әли Хаменеи 1989 жылдан бері Иранның рухани көсемі. Оған дейін 8 жыл бойы ел басқарған.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА