Қазақ хандығы туралы тарихи
телевизиялық фильм тәуелсіздік мерекесінде көрсетіледі. Бұл туралы фильмді
түсіру тобы Алматыда ұйымдастырған баспасөз мәслихатында айтты. Ел тарихын
түгендеген 10 сериялы фильмді түсіруге Мемлекет басшысы тапсырма берген еді.
Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған жоба «Қазақ елі» деп аталады. Қазақ
тілінде түсірілетін тарихи фильмнің сценарийі жазылып біткен. Туындының
көркемдік тұстарын Смағұл Елубай мен Тимур Жақсылықов бастаған жазушылар мен
драматургтер пысықтапты.
Фильмге Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» романының
алғашқы бөлімі арқау болған. Сюжет желісі Жәнібек пен Керей хандығы құрылған
жылдарды, тіпті билікке Қасым хан келген кезді де қамтыған. Қазір «Қазақфильм»
киностудиясында актерлер іріктеліп, кастинг жүргізілуде. Ал фильмді түсіру
жұмыстары жазда басталмақ. Қазір басты кейіпкерлердің түр-тұлғасы нақтыланды,
дейді сценаристер. Айта кетелік, режиссерлер кәсіби актерлерге ғана емес, кино
әлемінде тәжірибесі жоқ азаматтарды жұмылдырмақ. Фильм Алматы облысының
аумағында түсіріледі.
Смағұл Елубай, «Қазақ елі» фильмі
сценарийінің авторы:
Қазір халық, шынын айтқанда,
оқулықты оқымайды, тарихи кітаптарды оқымайды. Оны таба алмайды. Асып кетсе,
500 данамен шығады тарихи кітаптар. Ал енді телеэкран деген ол бір-екі рет
көрсетсе, бүкіл ел көреді. 17 миллион халық көреді. Осы сериал, егер жақсы
болып шығатын болса, бүкіл халық, яғни бүкіл жастар біздің тарихымызды осы сериалмен бағалайтын болады. Ана
оқулықтарды ұмытып қалады ағайындар. Мінекей, сондықтан да бұның маңызы зор.
Еркін КАРИН