$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Аргентинада 2 тікұшақ соқтығысып қалып, 10 адам қаза болды

AstanaTV
10.03.2015ж. 10:00
1010
Аргентинада 2 тікұшақ соқтығысып қалып, 10 адам қаза болды

Аргентинаның солтүстігінде екі тікұшақ әуеде соқтығысты. 10 адам қаза тапты. Рейтерс агентігінің таратқан ақпаратына сүйенсек, әуе апаты Ла Риоха туристтік аумағында болған. Жергілікті БАҚ деректеріне сай, апатқа ұшыраған тікұшақтың бірінде деректі фильм түсіріп жүрген түсіру тобы жұмыс істеп жатқан.

Әуе апатына не себеп болғаны әзірге белгісіз. Синоптиктер
, ауа-райының қолайлы болғанын айтады. Қазір, жергілікті билік, марқұмдардың денесін тану жұмыстарын қолға алды. Олар шетелдік түсіру тобының болған болмағанын анықтауда.

Кейбір деректерде, бортта төтенше жағдай кезінде қалай аман қалу жолдарын қарастырған жобаға ат салыспақ болған, француздардың болғанын хабарлайды.

Тоғжан ОСПАНБАЕВА