$499.51 €525.83 ₽4.62
×

Тілді білу сынағынан тағы бір үміткер сүрінбей өтті

AstanaTV
10.03.2015ж. 13:00
1581
Тілді білу сынағынан тағы бір үміткер сүрінбей өтті

Тілді білу сынағынан тағы бір үміткер сүрінбей өтті. Қазақстанның Коммунистік халық партиясының атынан сайлауға түскелі отырған Тұрғын Сыздықов бүгін сынақ тапсыруға кіріскен еді.

Үміткер екі сағат бойы сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ ол «Біздің күшіміз бірлікте» тақырыбында шығарма жазды. Лингвистикалық комиссия Тұрғын Сыздықовқа қазақ тілін жетік меңгерген деген баға берді.

Үміткер барлығы 6 қате жіберген. Оның ішінде үшеуі емле, екеуі тыныс белгісі және біреуі стилдік қате. Комиссия мүшелерінің айтуынша, әзірге барлық үміткерлер арасында ең аз қате жіберген де осы азамат.

Мырзатай Жолдасбеков, ОСК жанындағы лингвистикалық комиссия төрағасы:

Жалпы оқыған мәтінінің мағынасын түсінді ме, түсінбеді ме деген бағытта сұрақтар қойып жүрдік барлығына. Көбі не оқығанын білмейтін еді. Ал мына Сыздықов мырза өз оқығанын жақсы айтып берді. Комиссия мүшелері риза болып отыр негізінен. Сондықтан қорытындымыз Тұрғын Ысқақұлы Сыздықов мемлекеттік тілді еркін меңгерген.

Сондай-ақ, қазір Орталық сайлау комиссиясында кезекті үміткер Ержан Серғазин сынақ тапсыруға кірісті. Ол Алматы қаласының тумасы. Үміткерлікке өзін-өзі ұсынған. Лингвистикалық комиссия шешімін алдағы жаңалықтарда хабарлаймыз.

Айгүл ӘДЕПБАЙ