$480.61 €534.53 ₽5.28
×

Қырғызстан азаматтары Грузия мен Украина арқылы Сирияға баратын болған

AstanaTV
12.03.2015ж. 10:00
1513
Қырғызстан азаматтары Грузия мен Украина арқылы Сирияға баратын болған

Қырғызстан азаматтары Грузия мен Украина арқылы Сирияға баратын болған. Экстремистердің қатарына қосылмақ болған қырғыз азаматтары, Сирияға Грузия мен Украина арқылы жеткен.

Мұндай ақпаратты, «Интерфакс» агентігі Қырғыз Ішкі Істер Министрлігінің 10-шы Бас басқармасының басшысы Рафик Мәмбеталиев айтты,- деп хабарлайды. Ресми өкілдің сөзіне сенсек, бүгінде Сирияда Қырғызстаның 232 азаматы жүр.

Олардың 22-сі оққа ұшқан көрінеді. Қан судай төгілген Сирия, Ирак пен Ауғанстан жерлеріне Қырғызстаннан жалпы саны 318 адам кеткен. Жат жерге барып, жат ағым үшін қан төгуге аттанғандардың ішінде жас қыз-келіншектер мен тұтастай отбасылар да бар көрінеді.

Еркін КАРИН