$499.51 €525.83 ₽4.62
×

Президент болуға ниеттілердің саны 15-ке жетті

AstanaTV
11.03.2015ж. 10:00
1045
Президент болуға ниеттілердің саны 15-ке жетті

Президент болуға ниеттілердің саны 15-ке жетті. Орталық сайлау комиссиясының таратқан ақпаратына сәйкес, кеше жоғары оқу орнының 53 жастағы оқытушысы кандитаттыққа үміткер ретінде тіркелді.

Мұхамедрахим Құрсабаев 1961 жылы туған, Астана қаласындағы «Тұран-Астана» университетінде білім береді. Айта өтейік, Қазақстан президенті сайлауына қатысуға ниет білдірген 15 үміткердің 14-і өзін-өзі ұсынушылар.

Олардың сегізі түрлі себептерге байланысты сайлауға қатыса алмайтын болды. Еске салсақ, Қазақстан Республикасы
президентін кезектен тыс сайлау 26-сәуірде өтеді.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА