$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Оралда көктайғақтың кесірінен ондаған адам аяқ-қолын сындырды

AstanaTV
11.03.2015ж. 10:00
852
Оралда көктайғақтың кесірінен ондаған адам аяқ-қолын сындырды

Орал қаласында күн күрт жылынып, көшелер көк мұзға айналды. Абайсызда тайып құлап, қол-аяғын сындырып алған адамдар саны бір күннің ішінде отыздан асқан. Әзірге бес адам ауруханаға жатқызылыпты.

Дегенмен, жарақат алғандар азаяр емес. Дәрігерлерді де алаңдатып отырғаны осы. Олар тұрғындарға ыңғайлы аяқ киім киюге кеңес беруде. Көшелер мен жол бойында еріген қар суы сорылып, ғимараттардың төбесіне қатқан мұздақтар құлатылып жатыр.

Ауа райын болжаушылар, алдағы аптада күн біртіндеп жылына бастайтынын айтты.

Флюра Саматова, БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

Егде жастағы адамдарға айтатынымыз - мұндай жағдайларда жалғыз шықпай, үлкен адамдар сүйемелдеумен шыққан дұрыс. Өйткені мұндай жаста сүйек сынса, ол өте ұзақ жазылады. Сонымен қатар, біздің қыздарымыз биік өкшелі, биік тақаларды кигенді жақсы көреді. Мұндайда сәнге емес, денсаулыққа назар аударған жөн болатын шығар...

Еркін КАРИН