$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Ауа-райының қолайсыздығынан бірқатар аймақтарда көлік қозғалысы шектелді

AstanaTV
11.03.2015ж. 13:00
1537
Ауа-райының қолайсыздығынан бірқатар аймақтарда көлік қозғалысы шектелді

Еліміздің бірқатар аймақтарында ауа-райының қолайсыздығына орай көлік қозғалысы шектелді. Бұл туралы біздің арнамызға «Қазақавтожол» республикалық мемлекеттік мекемесі баспасөз қызметінің өкілдері хабарлады.

Бұрқасын мен қатты жел салдарынан Қарағанды облысында барлық бағытта көлік қозғалысына тыйым салынып отыр. Ал, Ақмола облысы аумағында кеше кешкісін Екатеринбург-Алматы тас жолындағы қозғалыс шектелген.

Атап айтсақ, Солтүстік Қазақстан облысының шекарасынан Жақсы ауылына дейінгі бөлігі, Жақсы ауылынан Астанаға дейінгі бөлігі, Астанадан Қарағанды облысының шекарасына дейінгі бөлігі жабылды.

Сондай-ақ, Қызылорда-Павлодар тас жолында да көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА