$499.51 €525.83 ₽4.62
×

Хиллари Клинтон республикашыл сенаторларды Иранға хат жазғаны үшін сынады

AstanaTV
11.03.2015ж. 13:00
1318
Хиллари Клинтон республикашыл сенаторларды Иранға хат жазғаны үшін сынады

АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Иран басшылығына хат жолдаған республикашыл сенаторларды сынға алды. Бұл туралы Reuters хабарлайды. Бұған дейін Америка басшысы Барак Обама да республикашылдардың әрекетін қатаң сынаған еді.

Клинтонның ойынша, Иран Ислам мемлекетіне хат жолдап, олардың наразылығын тудыру арқылы республикашыл сенаторлар өз беделін түсірді. Еске салайық, бұған дейін АҚШ Конгресінің 47 сенаторы Тегеранға хат жолдап, ядролық бағдарлама бойынша жасалған келісімдер Барак Обама қызметтен тайған соң күшін жоятынын ескерткен.

Айта кетерлігі, Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздердің жүріп жатқанына бір жылдан асты. Осы мәселе бойынша «алтылық» пен Иран алдағы жексенбіде тағы кездеседі деп күтіліп отыр.

Сарапшылар бұл жолы тараптар ортақ мәмілеге келе алады деген үмітте.

Хиллари Клинтон, АҚШ экс-мемлекеттік хатшысы:

Олардың мұндай әрекетке баруының себебі неде. Сенаторлардың қылығын екі себеппен түсіндіруге болады. Олар Иранға көмектесу үшін осындай қадамға баруы мүмкін немесе халықаралық келіссөздер жүріп жатқан сәтте, Президент Барак Обаманы аяқтан шалғылары келді. Қалай болғанда да, республикашыл сенаторлар өз беделін түсірді.

Айгүл ӘДЕПБАЙ