$480.61 €534.53 ₽5.28
×

Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде Қазақстанның 7 түрлі жетістігін атады

AstanaTV
11.03.2015ж. 20:00
1047
Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде Қазақстанның 7 түрлі жетістігін атады

Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде Қазақстанның 7 бағыттағы жетістігін атады.

Бірінші ішкі жалпы өнім көлемі жылына орта есеппен 5,7 пайызға өсті. Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың алғашқы бесжылдық жоспары аяқталды. Екіншіден, аграрлық сектор дамудың қуатты серпініне ие болды. Сонымен қатар, инфрақұрылым салаларында үлкен өзгерістер орын алды. Шағын және орта бизнес дамып келеді. Қазақстан әлеуметтік жаңару жолына түсті. Атап айтсақ, 2010 жылдан бері халықтың кірісі - 43 пайызға, ал орташа жалақы - 64 пайызға ұлғайды. Сөйтіп 127 мың теңгені құрады. Ал мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар 1,4 есе, зейнетақының ең төменгі мөлшері - 1,8 есе артқан. Алтыншы жетістік ретінде Президент ауқымды әкімшілік реформаларды атады. 

«Ал жетінші жетістігіміз - елдің халықаралық беделінің нығая түскені»,- деді Елбасы.

Айгүл ӘДЕПБАЙ