$480.61 €534.53 ₽5.28
×

ОҚО су тасқынына дайындықты пысықтады

AstanaTV
12.03.2015ж. 13:00
1025
ОҚО су тасқынына дайындықты пысықтады

«Көктем-2015». Шымкентте су тасқынының алдын алуға орай дайындық жұмыстары пысықталды. Төтенше жағдайлар департаментінің оқу-жаттығу сценарийі бойынша: нөсер жауын салдарынан «Қосдиірмен» каналы арнасынан асып кету қаупі бар.

Тұрғын үйлер су астында қалмас үшін, әскерилер құм толтырылған қаптармен бөгет тұрғызып жатыр. Тілсіз жаудан абдырап қалған тұрғындарға медициналық көмек көрсетіліп, адамдар қауіпсіз аймаққа көшірілді.

Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуға 11 мекемеден 175 адам жұмылдырылған. 25 техника қатысты. Айта өтейік, өткен жылы мамырда дәл осы жерде толассыз  жауын салдарынан біраз үйлердің ауласына су кірген.

Материалдық шығын келген еді. Тіпті бір үй құлап қалған. «Биыл мұндай кемшіліктерге жол бермейміз»,- дейді салаға жауаптылар. Жалпы, Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында су тасуға бейім аумақтар баршылық. Таудан бастау алатын өзендер де көп.

Батырғали Сопбеков, ОҚО ТЖД бастығының орынбасары:

Бізді бір қуантатыны жерде тоң жоқ. Сондықтан қазіргі таңдағы өтетін сулар, өткізетін суды өткізеді деп ойлаймыз. Пока тұрақты. Оған біз біршама дайындығымыз бар. Қазіргі жүргізілген оқу-жаттығу бойынша жұмылдырған күш пен құралдардың дайындығы жақсы деп айтуға болады.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ