$480.61 €534.53 ₽5.28
×

«Союз ТМА» ғарыш кемесінің аппараты Қазақстан аумағына сәтті қонды

AstanaTV
12.03.2015ж. 13:00
1154
«Союз ТМА» ғарыш кемесінің аппараты Қазақстан аумағына сәтті қонды

Бортында ғарышкер әйел бар «Союз ТМА» ғарыш кемесінің аппараты Қазақстан аумағына сәтті қонды. Экипаждың үш мүшесі  - ресейліктер  Елена Серова мен Александр Самокутяев және NASA ғарышкері Барри Уилмор Жезқазған аумағына аман есен табан тіреді.

Олар ғарышта жарты жылдай болып, адамзатқа пайдасы бар 50 шақты ғылыми сынақтар жүргізген. Ғарышкерлерді қарсы алып, аппараттың қонған жерін жедел анықтау үшін 300 әскери жұмылдырылды.

Капсула жоспарланған аумаққа яғни, Жезқазған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 146 шақырым қашықтыққа қонды. Еске салайық,
«Союз ТМА» ғарыш кемесі өткен жылы 26-қыркүйекте «Байқоңырдан» ұшырылған  болатын.

Мөлдір ДЮСЕКИНА