$480.61 €534.53 ₽5.28
×

Кәсіподақтар федерациясының төрағасы президент сайлауына қатысуға ниетті

AstanaTV
12.03.2015ж. 20:00
933
Кәсіподақтар федерациясының төрағасы президент сайлауына қатысуға ниетті

Бүгін Орталық сайлау комиссиясына Кәсіподақтар федерациясының жетекшісі Әбілғазы Құсайынов келді. Ол президент сайлауына қатысу үшін, өз кандидатурасын ұсынуға бел буған.

Айта өтейік, Әбілғазы Құсайынов 1952 жылы Қарағанды облысы Тельман ауданының Майөзек кентінде туған. Мамандығы - инженер-механик, саясаттанушы. Сонымен қатар ол Парламент Сенатының депутаты, Сенат төрағасының орынбасары болған. 2009 жылғы наурыздан 2011 жылғы сәуірге дейін Көлік және коммуникациялар министрлігін басқарды. 2011 жылы Қарағанды облысының әкімі қызметін атқарды. Бүгін үміткер саяси науқанға қатысу себептерін де ашық айтты.

Әбілғазы  Құсайынов,  ҚР Кәсіподақтар федерациясының жетекшісі:

Сайлау әрқашан да қоғамның өзекті мәселелерін көтеруге және әрбір адамның өміріндегі маңызды проблемаларға, мысалы, тұтас алғанда, экология және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелеріне назар аударуға деген мүмкіндік. Менің еңбек жолымдағы және өмірлік мол тәжірибем, біздің барлығымыздың осы проблемаларды жете бағаламайтынымызға, көзімді жеткізді. Және осы сайлаудағы менің мақсатым - тұрмысымыздағы осы мәселелерді қоғамға жеткізу.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА