Қазақстандық жұмыскерлер «Нұр
Отан» партиясының Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты президент сайлауына үміткерлікке
ұсыну бастамасын қолдайды.
Елордадағы
«Тұлпар-Тальго» зауытының 300-дей жұмысшысы партияның ХVI съезінің шешімін
құптайтындарын мәлімдеді. Олар өздері
жұмыс істеп жатқан кәсіпорынның Мемлекет басшысының қолдауымен ашылғанын
айтады. «Тәуелсіз еліміздің бүгінгі саяси бағытын қолдаймыз», - дейді зауыт
жұмыскерлері.
Төлеген Құнаділов, «Тұлпар-Тальго»
ЖШС кәсіподақ комитетінің төрағасы:
Біздің «Тұлпар-Тальго»
зауытынының ұжымы атынан Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың президенттік сайлауға
қатысу ұсынысын толығымен, бір ауыздан қолдаймыз деп кепілдік бере аламын.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ