$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Қазан қаласындағы «Адмирал» сауда кешеніндегі өрттен қаза тапқандардың саны 10 адамға жетті

AstanaTV
13.03.2015ж. 10:00
1159
Қазан қаласындағы «Адмирал» сауда кешеніндегі өрттен қаза тапқандардың саны 10 адамға жетті

Қазан қаласындағы «Адмирал» сауда орталығында болған өрттен қаза тапқандар саны 10 адам болды, - деп хабарлады ВВС агенттігі. Бұған дейін аумақтық құқық қорғау органдарына сілтеме жасай отырып, РИА Новости үйінді астында шамамен он бес адам қалды деген болатын.

Тілсіз жаудан сауда орнына келген 55 адам зардап шеккен. Арасында шетел азаматтары да бар. Күзетші өрт сөндірушілерді бірден шақыртудың орнына әуелгіде өзі өшірмек болған. Сол себепті құтқарушылар оқиға орнына жарты сағаттан соң ғана келіп жетті.

Бұл уақытта жалын ғимараттың негізгі бөліктерін шарпып үлгерген еді. Сауда орталығындағы өрт бірінші қабаттағы дәмханадан шыққан. Төтенше жағдай кезінде 650 адам сыртқа шығарылған.

Оларлың дені өз тауарын сақтап қалуға тырысқан сатушылар еді. Қас пен көздің арасында өршіген өрт 4 мың шаршы метр аумақты жалмап үлгерді. Арада бірнеше сағат өткенде ғимараттың қабырғалары құлады.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ