$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Халықаралық валюта қоры Украинаға көмек көрсетпек

AstanaTV
13.03.2015ж. 10:00
984
Халықаралық валюта қоры Украинаға көмек көрсетпек

Халықаралық валюта қоры, Украинаға көмек көрсету бағдарламасын құптады. Директорлер кеңесі, кеңейтілген қаржыландыру бағдарламасы аясында Киевке 17,5 млрд долларды беру туралы шешімді қабылдады.

Кристин Лагардқа сілтеме жасаған Рейтерс агенттігінің хабарламасында,
«бұл қаржыны Украина 4 жылдың ішінде ала алады» делінген. Сондай-ақ, ол «дағдарысқа қарсы» реформаның оңтайлы орындалып жатқандығын атап өтті.

Бұл мәселеге Донбастағы ымыраласу әрекеті оң әсерін тигізді. Алайда, қор басшысы аталған нәтиже бұзылса, бағдарламаның болашағы бұлыңғыр болатынын ескертті. Украина халқына көптен күткен жағымды жаңалықты елдің Премьер-министрі Арсений Яценюк хабарлады.

«Төрт жылдық бағдарлама - Украинада жүргізілген реформаларға берілген жауап» деп атап өтті,- ол. Яценюктің хабарлауынша, алғашқы транш 5 млрд АҚШ доллары болмақ.

Әсем МҰХИТОВА