$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Алматыда селге қарсы жаттығулар өтті

AstanaTV
13.03.2015ж. 13:00
2449
 Алматыда селге қарсы жаттығулар өтті

Алматыда күннің күрт жылынуы салдарынан сел жүріп, қаланы су басу қаупі бар. Төтенше жағдайдың алдын алу үшін құтқару қызметтері ауқымды дайындық жұмыстарына  кірісті. Алматы қаласын қақ жарып ағатын ірілі-ұсақты 21 өзен бар.

Барлығы бастауын таудан алады. Көктем келісімен сол өзендер арнасынан тасу қаупі туады. Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының айтуынша, қазір шаһарда 20-ға жуық қауіпті аумақ тіркелген.

«Көктем-2015» арнайы іс-шарасы аясында сол жерлерде құтқару қызметтерінің құрылымдары жұмысын бастады. Ауыр техниканың көмегімен арықтар тазартылуда. Қауіптің алдын алу үшін халықты хабардар ету жүйесі тексеріліп жатыр.

Бейбіт Еңсебаев, Алматы қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері:

Су шаю қаупі бар 11 учаскеде осындай жаттығулар өтуде, оған 285 адам, 85 техника тартылған. 4 мың 200 тонна құм, 45 су сораптары, 7 қайық әзірленді. Қорытып айтқанда қаланың құтқару қызметтері көктемдегі су тасқындарының алдын алу дайын.

Берік ХАСЕНОВ