$480.61 €534.53 ₽5.28
×

Солтүстік Қазақстан облысының шаруашылықтарына дәнді дақылдардың тұқымы жетіспей жатыр

AstanaTV
13.03.2015ж. 13:00
1353
Солтүстік Қазақстан облысының шаруашылықтарына дәнді дақылдардың тұқымы жетіспей жатыр

Еліміздің астықты өлкесі  Солтүстік Қазақстан облысында тұқымдық бидай жетіспейді. Бұл жайында Ауыл шаруашылығы басқармасының басшылығы біздің арна тілшілеріне мәлімдеді. Қазір 109 шаруашылық тұқымға зәру.

Егіс науқанын ойдағыдай өткізу үшін, оларға 37 мың тонна, ал жалпы облыс бойынша 468 мың тонна тұқым керек. Құзырлы мекеме өкілдері жетіспеушілікті күзгі жауын-шашынның мөлшерден тыс жауғанымен байланыстырады. Дегенмен, мәселе бірте-бірте шешімін тауып келеді,- дейді.

Бүгінде кәсіпкерлер дәнді көрші облыстардан және Ресейден сатып ала бастаған.

Әбілхан Бижанов, СҚО Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

Ол 37 мың тоннаның қазіргі таңда 15 мың тоннасы сырттан: Ресейден, өз республиканың ішінен және облыс көлемінен сатып алынып қамбаға жеткізілді. Қалған 23 мың тоннасына шаруашылықтар келісім-шартқа отырған. Қазір олар ақшасын төлеп, мынау ауа-райының, қар кеткенде тұқымдарын өз қамбаларына таси бастайды. Ресей Федерациясынан бүгінгі таңда 4 мыңнан астам тұқым әкелінді.

Абзал ҚҰРМАНКИН