$480.61 €534.53 ₽5.28
×

Исландия билігі Еуроодаққа ену ниетінен айнып қалды

AstanaTV
13.03.2015ж. 13:00
1524
 Исландия билігі Еуроодаққа ену ниетінен айнып қалды

Исландия билігі Еуроодаққа ену туралы 2009 жылы берген өтінішін кері қайтарды. Бұл туралы мемлекеттің Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында хабарланды. Бұл шешім туралы Исландия сыртқы істер министрі Гуннар Браги Свенссон Еуропалық одақ кеңесінде төрағалық етуші, Латвия Сыртқы істер министрі Эдгард Ринкевичті хабардар етті.

Кездесуде Свенссон Ринкевичке Исландияның Еуроодаққа ену туралы келіссөздерді тоқтату жөнінде жазылған хатын табыстады. Ринкевич өз кезегінде Исландия үкіметінің шешіміне сыйластықпен қарайтындығын мәлімдеп, Еуроодақ пен Исландия арасындағы қарым-қатынастың үзілмейтіндігіне сенім білдірді.

Еске салайық, ресми Рейкьявиктің 2009-жылғы еуро интеграцияға түсу өтінішінен кейін, мемлекет қиын экономикалық жағдайға тап болды. Исландия үкіметі Одаққа бірігу елдің экономикалық ахуалын түзейді деп үміттенген-ді.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ