Орталық
сайлау комиссиясы президенттікке кандидат болудан үмітті тағы бір азаматқа қол
жинау парақшасын берді. Ал лингвистикалық комиссияның сынынан сүрінген үмікерді
тіркеуден бас тартты.
Бүгін
комиссия отырысында өзін-өзі ұсынушы Қанат Тұрагелдиев Қазақстан Республикасының
ата заңы мен сайлау туралы заңына сәйкес деп танылды. Оған қолдаушылардың қолын
жинау парақшасын тапсыру туралы қаулы қабылданды.
Ал лингвистикалық комиссия
тіл сынағында 50 қате жіберген Бақтияр Естемесовті, саяси тартыстан шеттету
туралы шешім қабылдады.
Ләззат Сүлеймен, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:
Бақтияр Өксікбайұлы
Естемесов ҚР Конституциясына және сайлау туралы заңының талаптарына сәйкес емес
деп белгіленсін және Бақтияр Өксікбайұлы Естемесовті ҚР Президенттігіне
кандидат ретінде тіркеуден бас тартылсын деген ұсыныс енгіземін.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ